10 Қаң 2024
Іс-шаралар

№46 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

№46 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

Бүгін елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау мақсатында тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру. Мектебіміздің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша қатысады. Олимпиаданың ашылу салтанатына Келес аудандық мәсілихат депутаты Кожагулов М. және Ошақты ауыл әкімшілігінің бас маманы Қайрақбаев Н қатысты. Қонақтар оқушыларға білім- адамды болашаққа жетелейтін, барлық армандарға жеткізе алатын күш екенін айтып, оқудағы ынталары үшін қолдап-қуаттады. олимпиадада сәттілік тіледі. Олимпиада жұмысы кестеге сәйкес жүргізіледі, бүгінгі дүбірлі доданы “Ағылшын тілі” пәні бастады.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар