13 Нау 2024
Бос орындар

Кәсіп бағдар

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31231 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып: Түркістан облысының білім басқармасының«Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№46 Абайатындағы жалпыбілім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесікәсіптік бағдар беруші бос лауазымына

КОНКУРСЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланғанмекеменің атауы: «№46 Абайатындағы жалпыбілім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша бос жұмысорнындағы педагогтар:

Конкурс жарияланғанлауазымның атауы: «№46 Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Кәсіптік бағдар беруші бос лауазымы:

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 150 000 (бір жүз елу мың ) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізуорны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№46 Абай атындағы жалпыбілім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі, Ошақты ауылы, С.Мұқановкөшесі №14ғимарат, пошта индексі 160921, телефон +7(701)1847598,электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету;

Олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді дербес және саналы таңдауын қалыптастыруға ықпал ету.

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыстың негізгі бағыттары:

Оқушыларды мамандықтар, оларды алу жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, басымдықта (техникалық, ауылшаруашылық мамандықтары);

Мамандарды тарту арқылыоқушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдану;

Мамандық таңдау мәселелері бойынша педагог-психологтың қатысуымен оқушыларға ұжымдық және жеке кеңес беруі;

Кәсіппен танысу және еңбекті ұйымдастыру мақсатында кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру;

Оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

Жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

Оқу орындарының Ашық есік күндерін өткізу;

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні (13.03.2024 жыл күнінен басталып, 21.03.2024ж күнге дейін).

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес:

m107-abai@mail.+7(701)1847598,

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар